Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мағжан Жұмабаевтың 130 жыл" толуына орай тақырыптық саяхат жүргізілді
02
мамыр
2023

"Мағжан Жұмабаевтың 130 жыл" толуына орай тақырыптық саяхат жүргізілді

Алаш қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, артына өшпес мол мұра қалдырған қаламгер Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы 

Алматы қаласы Алатау ауданы №205жалпы білім беретін мектептің        

5 «Е»,6 «А»,6 «Ә», 7 «А»,7 «Б»,7 «Ғ»,8 «А», 8 «Ә»,8 «Ғ»,9 «А»,9 «В»сынып оқушыларымен бірге"Мағжан Жұмабаевтың 130 жыл" толуына орай тақырыптық саяхат жүргізіп, «Қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаев» атты тәрбие сағаттары өтті.

Мақсаты: Жыр пырағы – Мағжан туралы деректер беру, өмірі мен поэзия жанрындағы еңбектерінен мағлұмат беру.  Ақын шығармалары арқылы оқушылардың әдебиетке деген таным - біліктерін шыңдау, ой-өрісін арттыру, ауызша сөйлеу мәдениетін дамыту, сұраққа жауап беру, ойлау, шеберлігін дамыту.  М.Жұмабаев шығармашылығын үлгі ете отырып, отансүйгіштікке, сұлулыққа, тәрбиелеу.

Мағжан Жұмабаев поэзия әлеміндегі жарық жұлдыз, қайталанбас құбылыс. Оның қуатты, бойға жігер, жүрекке от беретін рухты үні, ізденістері мен жаңашылдығы қазақ әдебиетін ХХ ғасырдың басында - ақ Еуропа, орыс әдебиетінің биік деңгейіне көтерді.

Тәрбие сағаты барысында оқушыларға LED экраннан ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы танымдық сабақтар көрсетілді.Сабақ соңында оқушылар БББ кестесін толтырып,ақынның өлең жолдарын оқып,алған әсерлерімен бөлісті.

Жүсіпбек Аймауытов сөзімен айтсақ, “Мағжан сыршылдығымен, суретшілігімен, сөзге еркіндігімен, тапқыштығы мен күшті, маржандай тізілген, торғындай үлбіреген нәзік үнді күйімен, шерлі, мұңды зарымен күшті”. Оның өлеңдері “әлде өкіндіреді, әлде мұңайтады, әлде жылатады, әлде есіркетеді, әлде жігер береді”.Мағжан өлеңдерінің сыршылдығын оқушылар сурет арқылы да бейнелеп жеткізді.