22
ақпан
2024
«Жаратылыстану бағытындағы пәндерде CLIL оқыту технологиясын қолдану тиімділігі» атты аудандық тәжірибе алмасу семинары
2024 жылдың 22 ақпан күні Алматы қаласы Алатау ауданы « №205 жалпы білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесінде «Жаратылыстану бағытындағы пәндерде
CLIL оқыту технологиясын қолдану тиімділігі» атты аудандық тәжірибе алмасу семинары өтті. Семинарға Алатау ауданының №151,181 ЖББ мектептерінің ОІЖО мен ұстаздары келіп қатысты.
Семинар мақсаты: Ағылшын тілін жаратылыстану бағытындағы пәндермен кіріктіріп оқыту арқылы оқушылардың білім алуға қызығушылықтарын арттыру.
Семинарды мектеп директоры Даулетова Гульнара Арыстановна өзі ашып «Озық тәжірибе-ортақ іс» атты баяндамасында: Қазақстанмен Ұлыбритания мектептеріндегі білім беру білім жүйесіндегі ерекшеліктерімен бөлісті. Соның ішінде Европа елдеріндегі білім беру жүйесіндегі CLIL –Content and Language Integrated Learning-пән мен тілді кіріктіріп оқыту технологиясын өзіміздің мектептің 5 жылдық даму жоспарына қосып, тәжірибемізге қосып отырғанымызда атап көрсетті.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жұбанова Нұргұл Жолдыбайқызы «CLIL оқыту технологиясы арқылы пән мен –тілді кіріктіріп оқыту» атты баяндамасын да CLIL оқыту тәсілінің шығу тарихымен CLIL ұғымының мәні мен мазмұнын семинар қонақтарымен ұстаздарға таныстырды. Сонымен қатар мектепте CLIL оқыту тәсілімен ағылшын тілі арқылы жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқыта бастағанын және семинар барысында физика, химия пәндерінің ашық сабақ көрсететіндерін айтты.Семинардың практикалық бөлімінде: физика пәні мұғалімі зеріттеуші, магистр Бикенов Шыңғыс Маратович «Ядролық өзара әрекеттесу, ядролық күштер. Массалар ақауы, атом ядросының байланыс энергиясы» атты 9 «Ә» сыныбымен ашық сабақ өткізді. Химия пәні мұғалімі эксперт, магистр Жұмалы Әсия Амангелдіқызы 9 «Г» сыныппен «Фосфор и его соединения» атты ашық сабақ өткізді. Ұстаздар өздерінің ашық сабақтарын CLIL оқыту тәсілімен өткізіп, оқушылардың тілдік дағыдыларын жетілдіріп, оқуға деген ынтасын арттырып, пәнмен тілді қатар оқуға көмектестірді.
Ағылшын тілі пәні мұғалімідері Ерлан Ақмарал ұстаздармен «Сергіту сәті», Айменова Мөлдір Жумакасымовна «Ағылшын тілін үйренудің тиімді жолдары», Тұрдақын Ақнұр «Teaching CLIL through English using Artificial intelligence» атты методикалық жұмыстарымен бөлісті. Болашақта CLIL оқыту технологиясы мектептің жоспарына сәйкес барлық пән мұғалімдерімен жүзеге асырылу көзделіп отыр. Семинар соңында ауданның семинарға қатысушы ұстаздар кері байланыс жасап, өте жоғары дәрежеде өткізілгендігіне алғыстарын білдіріп тарқасты.