Алғыс айту күні
Егемен елімізде 1995 жылы 1 наурызда президент жанындағы консультативтік-кеңестік мекеме ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) құрылды. 2016 жылы бастау алған жаңа мерекенің мерзімі осы күнге сәйкес келеді. Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін бұл мереке 2016 жылдан бері тойланып келеді.
Бүгін мектебімізде «1 наурыз Алғыс айту күні» тақырыбында сыеып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Елімізде тұрып жатқан әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу, салт - дәстүрін, мәдениетін өзіндік үлгі өнегесін оқушылардың бойына сіңіру. Бейбітшілікте татулықта өмір сүруге тәрбиелеу.
Халқымыз "Отан - отбасынан басталады", "Отбасының бірлігі - Отанның бірлігі", "Отбасы шағын мемлекет" - деп тегін айтпаған. Осының бәрі болған жағдайда барлығы бірігіп, бір шаңырақ астында кішкентай шағын мемлекет құралады екен. Өйткені әр отбасының мықтылығы, әр елдің, әр мемлекеттің мызғымас беріктігіне үлкен үлес қосады екен.



