Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
наурыз
2023

22 наурыз - Ұлыстың ұлы күні!

 Ұлыстың ұлы күні!
 Ұлт пен ұлыстың сағына күтетін Наурыз мейрамын Алматыдағы 205 мектеп жаңаша, сән-салтанатпен өткізді. Ұстаздар мен оқушылар ұлттық үлгіде киініп, сынып ішін мерекеге сай ұлттық үлгіде безендірді. «22-Наурыз» атты әр сыныпта өткізілген тәрбие сағаты Ұлыстың ұлы күнінің мәнін аша түсті.

 Мақсаты: Наурыз-діни мереке емес. Наурыз – көктем мен еңбектің, достық пен бірліктің мейрамы. Халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеп, ұлттық қасиеттерімізді бойына сіңіріп, жан-жақты дамыған өнегелі, өнерлі азамат тәрбелейтін ұлттық мейрамы екенін ұғындыру.
 Мерекелік сынып сағатында Наурыз мейрамында атқарылатын рәсімдер көрсетілді. Ұлттық тағам-Наурыз көже көрмеге қойылды. Тоқшылық пен ырыс құттың жоралғысы саналатын қасиетті көжеден балалар дәм тәтті. Оқушылар 7 түрлі тағамның мағынасын түсіндірді.
«Күн мен түн түннің теңелген, табиғат ананың жаңарған, аққа ауыз тиген немесе Самарқандтың көк тасы еріген күн». Ұстаздардың дәл осылай бастаған баяндамасының жалғасын: «бұл күні көңілінде кірбіңі барлар татуласады. Адамдар бір-бірінің үйіне кіріп, құтты болсын айтады. Бұлақтардың көзін ашып, ағаш отырғызып, үйін, ауласын кір қоқыстан тазалайды. Осы күндері дүниеге келген сәбилерге Наурызбай, Наурызгүл сынды есімдер беріледі. Қыдыр ата үйді аралап бақыт сыйлайды,бата береді» деген нанымдармен аяқтады.
 Ұлттық құндылықтарды дәріптейтін мереке қазақтың Жаңа жылы.
 Орта Азия халықтарыда көне мейрамды Қазақстанда наурыз мерекесі 2001 жылдан бері ресми түрде даталы күн болып белгіленді.
Ұлыс оң болсын,ақ мол болсын!.