«Алғыс айту парызым!» атты тәрбие сағаты өтті
Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру барысында жоспары мерекелік іс – шараларды орындау, мектеп оқушыларын мәдени іс шараларға белсене атсалысуын қамтамасыз ету және патриотық рұхта тәрбиелеу мақсатында бүгін мектеп қабырғасында 1-11 сыныптар үшін «Алғыс айту парызым!» атты тәрбие сағаты өтті. «Алғыс айту», «сыйластық», «құрмет» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейтті. Үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру; - сыйластықты қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту, - үлкендерді сыйлауға, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу мақсатында өлең тақпақтар айтылды. Алғыс-адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі екенін әнмен дәлел ретінде көрсете білді. Рақметке лайықты кімдер? –деген сұрақтың жауабын оқушылар бірге құрды. Анаға – өмір сыйлағаны үшін, Әкеге – қорған болғаны үшін, Әжеге – ыстық алақаны үшін-рахмет айтты. Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?-деген сұраққа ата-аналар жауап жазу арқылы кері байланыс берді.


