Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Кітап – мәңгілік парасаттың киелі»
27
ақпан
2024

«Кітап – мәңгілік парасаттың киелі»

2024 жылдың 27 ақпан күні кітапханада «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында  «Кітап – мәңгілік парасаттың киелі» тақырыбында 4 «Д» сынып және 6 «А» сынып оқушыларымен  оқу күні ұйымдастырылды. Бастауыш сынып оқушылары Қазақ ертегілерін қызыға оқыды. Қазақ ертегілер жинағына қазақ халқының аузында сақталып қалған, өзінше өңделген, өзгертілген ертегілер енген. Жинақ үлкен бес бөлімнен тұрады. «Қиял-ғажайып ертегілер», «Хайуанаттар туралы ертегілер», «Тұрмыс-салт ертегілер», «Аңыз ертегілер», «Батырлар туралы ертегілер». Ал  6 сынып оқушылары «Алпамыс батыр» жырын жарыса оқыды.
Қазақ халқының бай ауыз әдебиетінің үлкен бір саласы – батырлар жыры. Туған жері мен елін шын сүйген, оны көзінің қарашығындай қорғаған Ер Тарғын, Қобыланды, Алпамыс, Қамбар есімдері ел есінде мәңгі сақтаулы.
Бұл эпостық жырлар жас ұрпақты отансүйгіштікке, патриоттыққа, елі мен жерін қорғауға  тәрбиелеуге зор үлесін қосады.