Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа»
07
наурыз
2024

Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа»

       2024 жылдың 28 ақпан күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Менің сүйікті кітабым» атты республикалық челлендж өткізу барысында Астана қаласы Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» кітабын Алматы қаласының мектептеріне оқуға ұсынылған кітап бойынша бір айлық атқарылатын іс-шара жоспарын жасап, оқушылар «Менің атым Қожа» кітабын оқыды.
4-7 наурыз күндері аралығында бастауыш сынып оқушыларына «Менің атым Қожа» тақырыбында кітапханада LED экраннан бейнероликтер көрсетіліп, шығармадағы кейіпкерлерді талқылап, ой толғау   жүргізілді. 
      Мақсаты: Оқушыларға Бердібек Соқпақбаев өмірі мен әлемге танылған шығармасы туралы білім беру, толықтыру; «Менің атым Қожа» шығармасымен таныстыру.
Бердібек Соқпақбаев өзінің шығармашылық өмірін балаларға арнап өлең жазудан бастаған.  «Менің атым Қожа» повесі қарапайымдылыққа, нанымдылыққа тәрбиелейді. «Өтірік ештеңе қоспаймын» - деп уәде берген автор уәдесін орындайды да. Бұл повесінде жазушы балаларға бала болып сырын ашады, өзінің бар болмысын, жамандығын да, жақсылығын да жасырмай жазады. Сол жасырмай жазуының арқасында оқырманның ыстық ықыласын өзіне аударады. Повестің өн бойында мейір қозғайтын, әдеп ұқтыратын және оны әдейілеп оңашаламай, оқиға барысында жымдастырып келтіретін тұстары мол. Қожаның тентектігі тектен-тек емес, белгілі бір логикадан туындайды. Адам жанын түсіне, ұға бермейтін шолақ белсенділерге, екі жүзділерге қаны қайнайды.