11
наурыз
2024
«Елім деп соққан жүрегі»
2024 жылдың 11 наурыз күні кітапханада ұлт зиялысы Тұрар Рысқұловтың туғанына 130 жыл толуына орай «Елім деп соққан жүрегі» тақырыбында 6-7 сынып оқушыларымен танымдық сабақ өткізілді. Сонымен қатар LED экраннан бейнероликтер көрсетіліп, Тұрар Рысқұловтың өмірбаянымен таныстырылды.
Мақсаты: Оқушыларға халқымыздың мақтан тұтар тұлғаларының бірі Тұрар Рысқұловтың өмірі мен ерлігін, қайраткерлігін дәріптеп насихаттауға, тарих парақтарынан тағылым алуға үйрету.
Қазақ халқының тарихи тұлғалары, олардың өнегелі мен ерлігі, адами асқақ бейнелері бүгінгі ұрпақ үшін үлкен тәрбиенің арнасы болмақ. Т.Рысқұлов (1894 – 1938 ) мемлекет және қоғам қайраткері, әулиеата үйезіндегі 1916 жылғы ұлт – азаттық көтерілістің ұйымдастырушысы және басшысы. Тұрар Рысқұлов – басшы бола білмектің, басқара білмектің, ел мен жерге, халыққа қызмет етпектің, зиялылық пен зияттылықтың үлгі-өнегесін көрсете білген тұлға. Түркі ұлттарының түгел тағдырын тым-тым тереңнен ойластыра алған, елінің маңдайына біткен азамат. Тұрар Рысқұлов, біріншіден, ұлт қайраткері, қазақ халқын ашаршылықтан құтқарып қалған бірден бір саяси тұлға. Азық-түлік жеткізу туралы Сталинге жазған хаты, Қазақстан-Сібір жолдарын салудағы белсенділігі оның қайраткерлігін айқындай түседі. Ол Қазақстанда ғана емес, әлемдік деңгейде еңбегі еленген тұлға.

