Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Өнерлі бала – Ұрпақ болашағы» Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл
14
наурыз
2024

«Өнерлі бала – Ұрпақ болашағы» Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл

 2024 жылдың 14 наурыз күні кітапханада кітапханашылардың ұйымдастыруымен «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында сурет әлемінің майталманы Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл толуына орай «Өнерлі бала –Ұрпақ болашағы» тақырыбындағы 5 сынып оқушылар арасында сурет салудан сайыс өткізілді.
 Мақсаты: Оқушыларға қазақтың саңылақ суретшісі Әбілхан Қастеев туралы білімдерін толықтырып, суретшінің қыл қаламынан туындаған шығармаларымен таныстыру. Ұлттық өнерге деген сүйіспеншілік арқылы эстетикалық тәрбие беру.
 Әбілхан Қастеев — қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Әбілхан Қастеев суретші ретінде өзіндік дара қолтаңбасымен ғана ерекшеленіп қоймайды, сонымен бірге, ол — туған жері мен өскен елін перзенттік махаббатпен жырлай алған біртуар суреткер.
 Байқауға қатысушылар өздерінің туындыларымен таныстырып, салынған суреттердің мазмұнын түсіндіріп берді. Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Абильдинов Есбол ағай суреттерді сараптап, ішінен үздік салған  сынып оқушылары мақтау қағазымен марапаттады. I орын иегері 6 «Д» сынып оқушысы Тайтина Аружанды жеңісімен құттықтай отырып, сайысқа қатысқан оқушыларға өнерлерің өрге жүзсін демекпіз.