Жақсылық жасауға асығайық
15 наурызда Қазақстан халқы «Қайырымдылық» күнін атап өтті.
Бұл күн еліміздің халқын мейірімділік пен татулыққа шақырады. Мұқтаж жандарға қол ұшын созу, кімге болсын құшағын жайып, қонақжайлық көрсету – қазақтың қанында бар қасиет.
Наурызды мерекелеу кезінде бұл қасиеттерді барынша кеңінен насихаттау, оның қадірін арттыру аса маңызды. Өйткені көшпенділер мәдениетінде өзара көмек, жанашырлық пен қамқорлық кез келген қиындықты жеңіп, мақсат-мұратқа жетудің тетігі болған.
Ұлы даланың басты құндылықтарының бірі – адамдардың бір-біріне жанашырлық танытып, өзара көмек көрсетуі қоғамды айрандай ұйытып, бір ел, бір халыққа біріктірген. Сол себепті «Қайырымдылық» күні қазіргі қазақ қоғамының басты құндылықтары болып отыр. Наурыздың бір күнін осы тақырыпқа арнау өскелең ұрпақ тәрбиесінде өз ізін қалдаратыны сөзсіз.
Осы күні №205 жалпы білім беретін мектебінің орыс тілі және тарих пәні мұғалімдері Күзембай Айдана, Изтлеуова Айгуль, Садибекова Назира, Балсериковна Айжан, Сатболд Хэнжегуль, Сагитова Рауза, Марасуловна Зульфия, Кистаубаева Мадина, Өтеген Асанәлі, Романқызы Арайлым, Қайратұлы Нұрдаулет және Жабаева Майгуль Достық 107/5 көшесінде орналасқан Мамандандырылған балалар үйінің бүлдіршіндеріне өз жылуларымен қуаныш сыйлап қайтты.


