Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мейірімділік - асыл қасиет!
11
сәуір
2023

Мейірімділік - асыл қасиет!

 Мейірімділік - асыл қасиет!

“Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық секілді ақ жүректен шығады” (Шәкәрім). Құдайбердіұлы айтқан мейірімділік – адамға берілген асыл қасиет. Ол өзге жандарға  берген жан жылуынан ,ізгі – ниеттен  байқалатын ұлы көрініс. 

Мейірімді, қайырымды болу оның отбасынындағы тәрбиемен тікелей байланысты деп жатамыз,десек те, жас  ұрпақты әркез қамқорлыққа баулып отыруымыз шарт. Бұл халқымыздың жазылмаған заңы.

Алатау ауданындағы 205-ші Жалпы білім беретін білім ордасының ұстаздары осы қағидамен  балаларды мейірімділікке тәрбиелеп келеді .Оның көрінсін әрқашан басқаларға көмекке келіп,әркез жақсылық жасап жүрген жастардан аңғарып келеміз. Бірақ, аталмыш қасиет мейірімділікпен ғана шектелмейді. Осыны ұғындыру мақсатында әрдайым бастауыш мектептің ұстаздары балаларға арнайы тәрбие сағатын өткізіп отырады.Апта басындағы өткен «Мейірімділік-асыл қасиет», атты сынып сағатында қоршаған ортаға, жан-жануарларға, табиғатқа да мейірім қажет екенін түсіндіріп, өзге ге жақсылық жасау арқылы шынайы мейірімнің артатындығы насихатталды. 

 «Атаңа не істесең алдыңа сол келеді», «Үлкенге -құрмет, кішіге- ізет»- деп, балалар қамқорлыққа қатысты жаттаған мақалдарын  да тізіп айтып шықты..Сабақтың соңы «мейірімділік» жайында түсірілген фильммен аяқталды.

Жер бетіндегі барлық  адам мейірімді болса, жақсылықтың жайлайтыны анық!