«Қош келдің, Әз Наурыз!» тақырыбында сынып сағаттары өтілді
Мектебімізде бүгін «Қош келдің, Әз Наурыз!» тақырыбында сынып сағаттары өтілді. Мақсаты: Оқушыларға Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт-дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Мазмұны: Бүкіл тіршілік аталуының түрленіп, жаңаруы паш етіледі. Мейрамның ең қадірлі дәмдері мен қасиетті сөздері кеңінен насихатталады.
«Бес күнде бес іс-шара» жобасы аясында мектебімізде Наурыз мейрамы қарсаңында ата-аналармен ьірлескен ашық сабақтары өтілді.
5 «Г» сыныбында «Қош келдің, Әз Наурыз!» тақырыбында ата-аналардың қатысуымен ашық сынып сағаты өтті. Сыныбымыздың әжелері Наурыз мейрамымен оқушыларды құттықтап, мейрамның тарихынан сыр шертіп, сөз соңында баталарын беріп кетті. «Ұстаз, Ата-ана, Оқушы» үштігінің нығаюына осындай іс-шаралар өз септігін тигізеді деген ойдамыз.








