Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектебімізде 29.03.2024ж “Өз жұлдызыңды жақ” мектепішілік жас мамандар байқауы өтті.
29
наурыз
2024

Мектебімізде 29.03.2024ж “Өз жұлдызыңды жақ” мектепішілік жас мамандар байқауы өтті.

Мектебімізде 29.03.2024ж “Өз жұлдызыңды жақ” мектепішілік жас мамандар байқауы өтті. 
Байқаудың мақсаты:  жас педагогтердің әлеуметтік мәртебесін арттыру және шығармашылық әлеуетін жандандыру, одан әрі кәсіби өсуіне жағдай жасау.
Міндеттері: 1. Жас педагогтердің педагогикалық еңбек беделін және әлеуметтік мәртебесін арттыру.
2. Жас педагогтердің инновациялық идеялар мен қызмет түрлерін іздеуге уәждемесін дамыту.
3. ⁠Дарынды жас педагогтерді анықтау және олардың шығармашылық әлеуетін жандандыру.
4. ⁠Жас педагогтердің жетістіктерін қоғам арасында тарату.
5. ⁠Одан әрі кәсіби өсу үшін жағдай жасау.
Байқауға қатысушылар:
Байқауға педагогикалық өтілі 3 жылға дейінгі мектептің жас мамандары қатысты.
  Байқаудың кезеңдері:
I тур – «Менің мамандықтағы алғашқы қадамым» тақырыбында эссе.
II тур – «Менің педагогикалық тұжырымдамам» жас мұғалімнің педагогикалық тұжырымдамасы (слайд-презентация)
III тур – «Менің алғашқы сабағым» (видео).
IV тур – «Менің тәрбие сағатым» (видео).
Байқау ережесіне сәйкес өтті. 16 жас педагогтеріміздің ішінен тартысты байқаудан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Саятқызы Арайлым, бастауыш сынып мұғалімі Дәулетхан Шұғыла, география пәнінің мұғалімі Амангелдиева Тоғжан мектепішілік кезеңнен, аудандық кезеңге оза шықты.   Аудандық кезеңге өткен ұстаздарымызға сәттілік!