Мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.
2024 жылдың 5 сәуір күні сағат 17.00-да «№ 205 ЖББМ»КММ-де кезекті жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. «Мектеп – Ата -ана- оқушы » тақырыбында ұйымдастырылған ата-аналар жиналысының басты мақсаты- балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту, сондай-ақ ата-ана, мектеп ынтымақтастық мәдениетін дамытуға ықпал ету. Оқу жылының төртінші тоқсанында ұйымдастырылып отырған бұл жиналыстың күн тәртібінде әр буын үшін қосымша тақырыптар белгіленіп, осы мәселелер төңірегінде талқылаулар жүргізілді. Күн тәртібінде ІІІ- тоқсандағы оқушылардың оқу үлгерімінің қорытындысы. Мектеп формасының бірыңғай стандартының сақталуы және білім беру мекемелерінің мектеп формасын киюі туралы талаптарының қадағалануы. 2023-2024 оқу жылында мектеп үйірмесі, спорттық секциялармен қосымша біліммен қамтылған оқушылар туралы ақпараты айтылды. Мектеп директоры Г.А. Даулетова мектеп формасының үнемі ата -аналар тарапынан қадағалануы туралы айтып өтті. Мектеп формасы - бала үшін ең маңызды элемент болып табылады, себебі баланың көпшілік уақытын мектепте өткізеді. Мектеп формасы оқу процесінде зейінін тұрақтап шоғырлануға көмектеседі және басқа заттарға көңіл аударылмайды. Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар ҚР БҒМ 14.01.2016 ж. №26 бұйрығымен регламенттелген. 2023-2024 оқу жылында аталған осы бұйрық басшылыққа алынған. Ұл балаларға көк түсті костюм шалбар, ақ кофта кию керек. Мектепте хиджап, никаб, паранджа, қалпақ, әр түрлі түсті орамалдар салуға, алқа, крест тағы басқа заттарды тағуға тиым салынатындығын айтып өтті. Мектеп директорының тәрбие ісі -жөніндегі орынбасары Ж.Т.Жетенова оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану, балалардың қызығушылығын дамыту мен дарындылық бейімділігін анықтау мақсатында мектепте 2023-2024 оқу жылында 19 үйірме, 8 спорттық секция жұмысын жүргізілетіндігін айтып өтті. Жиналыстың 2-бөлімінде мектепте жаңадан ашылған «Томирис» би үйірмесінің аз уақытта жеткен жетістіктері мен оқушылардың үйренген билерін ата -аналарға көрсетті.



