Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл
11
сәуір
2024

Академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл

 2024 жылдың 11 сәуір күні кітапханада «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай оқушыларға LED экраннан танымдық сабақтар көрсетіліп, Қаныш Сәтбаевтың өмірбаянымен таныстырылды.
 Мақсаты: көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаев жайлы мағлұмат беру. 
Қаныш Сәтбаев - аса көрнекті ғалым, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының тұңғыш президенті, академик, қоғам қайраткері. Қаныш бала кезінен алғыр, зерек болған. Ғалым бүкіл өмірін геология зерттеуге және туған өлкесінің минералдық шикізат базасын жасауға арнады. Екібастұз көмірін ашты, сол жерлерде үлкен зауыттар ашылды. Ол Ұлытаудан Әмір Темірдің жазу жазып қалдырған тасын тапқан. Қазір бұл тас Эрмитажда орналасқан.