Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Спандияр Көбеевтің туғанына 145 жыл
19
қазан
2023

Спандияр Көбеевтің туғанына 145 жыл

2023 жылдың 19 қазан күні №205 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында  Қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Спандияр Көбеевтің туғанына 145 жыл толуына орай 8-9 сынып оқушыларына LED экраннан танымдық сабақтар көрсетіліп, әңгіме циклын өткізу барысында Спандияр Көбеевтің өмірбаянымен таныстырылды.
Мақсаты: Спандияр Көбеевтің өмірі мен шығармашылығы арқылы тарихи тұлғаларымызға деген қызығушылығын арттыруға тәрбиелеу. Оқушыларды адамгершілікке, еңбекқорлыққа, отансүйгіштікке баулу. Білімге деген ынталары мен құлшыныстары артады.
Спандияр Көбеев өзінің сүйікті қызметінен – жас ұрпақты тәрбиелеу ісінен совет дәуірінде де қол үзбейді, бар саналы өмірін сол мақсатқа арнайды. Осындай зор, бағалы еңбегі үшін Ленин орденімен екі рет наградталды, ал 1947 жылы Қазақ ССР Жоғары Советіне депутат болып сайланды. С.Көбеев 1956 жылы қайтыс болды. Спандияр Көбеевтің творчестволық іске ден қоюы оның ағартушылық қызметімен тікелей байланысты болған. Ол ел ішінде мұғалімдік, солардың ой-санасын оятуға көмектескен. С.Көбеев Пушкиннің «Дубровский» повесі мен Гогольдің «Өлі жандары» романының мазмұнын қазақшалап айтып беріп жүрген. Оны Крылов мысалдарымен табыстырған да – осы мақсат. Спандиярдың Крыловтан аударған қырықтан астам мысал-өлеңі 1910 жылы Қазанда «Үлгілі тәржіма» деген атпен басылып шыққан.