16
сәуір
2024
«Сүйікті кітабымен селфи»
2024 жылдың 16 сәуір күні кітапханада «Сүйікті кітабымен селфи» тақырыбы бойынша оқушылар өзінің сүйіп оқыған кітабымен суретке түсу ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқушылардың рухани ойлау қабілетін дамыту, кітапты оқуға баулу, білім көзі кітапта екенін түсіндіру.
Көркем шығарма-адам тәрбиелейтін басты әрі қуатты құрал.Ол адамгершілік қасиеттерді қалыптастырады. Кітап оқу арқылы адамның мінез-құлық нышандары өзгереді. Баланың қуану, аяу, өкіну, жақсы көру сезімдері оянады. Көркем сөз арқылы Отанын, елін, өз отбасын сүю, адамды қадірлеу, жан-жануар, табиғатқа деген қамқорлық сезімдері оянады, білуге құштарлық сияқты қасиеттер дариды. «Көркем әдебиет-өмір айнасы», «кітап-білім бұлағы» дейтін теңеулерді ХХ ғасырдағы ақын-жазушылардың үнемі айтқаны белгілі. Ал, бүгін ақпараттық технология дамыған XXI ғасыр. Әр үйде теледидар, радио, компьютер, интернет, яғни ақпарат алудың кітаптан басқа жүйесі қарқынмен дамып келеді.
