19
сәуір
2024
«Апат айтып келмейді» атты ғылыми-танымдық лекциясы өтті. Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығында
Бүгін, «Алматы – біздің ортақ үйіміз» экологиялық науқаны аясында Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығында Алматы қалалық № 205 мектеп оқушылары мен ұстаздары және Аманат партиясының Алатау аудандық филиалының қызметкерлері Ақшолпан Рахатқызы мен Азамат Бағдатұлының қатысуымен «Апат айтып келмейді» атты ғылыми-танымдық лекциясы өтті. Лекция барысында орталықтың жетекшісі Роза Жүнісқызы ғаламдық экологиялық мәселелерге жан-жақты тоқталып, Қазақстандағы орын алған табиғи апаттардың салдары мен себептеріне басты назар аударды. Аманат партиясының қызметкерлері Алатау ауданында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» экологиялық акциясы аясында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы нақты мәліметтер беріп, су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға материалдық және гуманитарлық көрсетілген көмектер жайлы айтып өтті. Іс-шара барысында мектеп оқушылары мен ұстаздар арасында Қазақстандағы экологиялық апаттар жайлы пікір-талас ұйымдастырылды. Лекция соңында Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығының жетекшісі Роза Жүнісқызы 205 мектептің ұжымына «Қазанғаптың күйлері» атты ғылыми еңбекті табыстаса, оқушыларға «Домбыра» халықаралық өнертанымдық журналын сыйға тартты. Сонымен қатар Аманат партиясының қызметкерлеріне Жасарал Еңсеповтың «Домбыра өнері – халықтық өнер» атты кітабын сыйлады.







