23 сәуір – Халықаралық кітап және авторлық құқық күні
Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күнін - 1996 жылдан бастап жыл сайын 23 сәуірде атап өтеді. Бұл күн 1995 жылы 15 қарашада ЮНЕСКО-ның 28-сессиясындағы 3.18 қаулысында ресми түрде белгіленді.
Кітап күніне орай "«Кітап-сарқылмас рухани қазына» атты тақырыпта 1-11 сыныптар үшін сынып сағатары өтіліп, «Ілім-бұлақ, білім-шырақ», «Кітаптар әлеміне саяхат» атты тақырыпта Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің 44 – кітапханасына 5,6,7,8 сыныптар сынып жетекшілерімен саяхат жасады.
Мақсаты: Кітапхана оқырмандарын дүниежүзілік кітап күнімен таныстыру. Кітапқа деген қызығушылығын, құрметін арттыру. Кітап тарихын ұғынып, кітапты ережеге сай ұстауға үйрету. Кітап – біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз. Өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да, әдебиетті де басқа ғылым кереметтерін де кітапханадан табамыз. Талай оқиғалардың куәсі, талай жаңалықтың көзі – осы кітапта.



