Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тарихи ескерткіштер-ұлттық құндылығымыз!
04
сәуір
2023

Тарихи ескерткіштер-ұлттық құндылығымыз!

Тарихи ескерткіштер-ұлттық құндылығымыз!

Тарихи ескерткіштер- ата-бабаның келешек ұрпақтарына  қалдырған аманаты! Көне дәуірден сыр шертетін мовзалейлер қазақ тарихының заттай дерегі,өмір сүрген бабаларымыздың  жүріп өткен ізі. Салт-дәстүр, әдет-ғұрып дерлік  осы жерлерде сақталған. Көзіміздің қарашығындай қастерлеп отырған қазыналарды бағалап, олардың қадір-қасиетін жаhанға таныстыру біздің парызымыз. 

Осы тұрғыда,Алатау ауданындағы 205-ші Жалпы білім беретін білім ошағының  бастауыш сынып мұғалімдері өскелең ұрпаққа арнайы сынып сағатын өткізіп,рухани бағдар берді. Барлығының мақсаты бір: «Рухани жаңғыруды»тілге тиек етсек, ұлттық құндылықтарды, туған тарихымызды таныстыру арқылы балаларды  туған жерінің тарихымен таныстырып, туған өлкесіне  сүйіспеншілікті арттырып, ата-бабасына тағызым ету. Оған қоса -ұрпаққа аманат етіп тапсырылған  асыл дүниелерді қоғау міндеттері екендігін  түсіндіру. 

Балалардың жадында жақсы сақталу үшін LED экран арқылы, Киелі өлке Түркістан қаласындағы  Қожа Ахмет Яссауи әулиенің мазарынан бастап, Домалақ ана, Арыстанбаб кесенесі-көне Отырардағы сәулет ескерткіштері және тағы басқа мовзалейлер көрсетілді 

Қорыта айтқанда, тарихи ескерткіштер қазақ елінің тұмары. Өркениетіміздің жәдігері.