Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Әбділда Тәжібаевтың туғанына 115 жыл толуына орай «Туған өлкем, неткен көркем»
25
сәуір
2024

Әбділда Тәжібаевтың туғанына 115 жыл толуына орай «Туған өлкем, неткен көркем»

2024 жылдың 25 сәуір күні кітапханада Әбділда Тәжібаевтың туғанына 115 жыл толуына орай  «Туған өлкем, неткен көркем» тақырыбында оқушылар арасында мәнерлеп оқу ұйымдастырылды.
 Мақсаты: Әбділда Тәжібаевтың жерді құрметтеу, халқына, ана тіліне, Отанға деген сүйіспеншілік тақырыбында жазылған өлеңдері арқылы оқушыларды ұлттық намыс, жігерлікке тәрбиелеу.
 Әбділда Тәжібаев ХХ ғасырдағы қазақ көркем сөз өнерінің өсіп толысуына, қарыштап дамып, әлемдік өркениетті әдебиеттердің қатарынан орын тебуіне ірі үлес қосқандардың бірі, сыр елінің саңылақ ұлы. Лирикалық қысқа шығармаларынан бұрын Әбділда жазып жүрген өлеңдерден басқаша шыққан жаңа өрнекті, сырлы, күйлі өлеңі «Сырдариядан» басталады деуге болады. Бұл ақынның өзі туған өлке, өзеніне — Сыр бойына арналған өлең. Сезіміне күйі сай, тақырыбына тілі сай, қысқа, әсем әндей шыққан анық көркем жыр.