30
сәуір
2024
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі
2024 жылдың 30 сәуір күні кітапханада 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Ынтымағы жарасқан туған өлкем-Қазақстан» тақырыбында 7 сынып оқушыларына танымдық сабақ ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқушылардың «достық», «бірлік», «халық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украиндар, дүнгендер және тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Олар өздерінің осындай кең байтақ Қазақ жерінде өмір сүріп жатқандарына қанша жыл өтсе де, Қазақ халқының осынша кең пейіл, қонақжай екендігіне көз жеткізді. Олар өз елдерінде болмасада, қазақтардың елін елім деп, жерін жерім деп құрметтеп, үлкен үлгілі отбасының кейпін көрсетуде. Әлем халықтарының мұндай көп ұлттан құрылған мемлекетте осыншалық тату — тәтті, бейбітшілікте өмір сүріп отырғандығы біздің елдің арқасы және олар мұны жақсы біледі, рахметтері шексіз екендіктерін білдіреді.

