Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1-Мамыр - Бірлік, ынтымақ күні
25
сәуір
2023

1-Мамыр - Бірлік, ынтымақ күні

1-мамыр Ынтымақ күні!

«Бірлік болмай,тірлік болмас».

       Ертеден берекені көздеген халқымыз, егемендік алғаннан кейін ,байтақ жеріне 130-дан аса ұлтты сыйдырып, ынтымағы жарасқан үлкен отанға айналды. Сондықтан, 1-мамыр бейбітшілік күнін тойлайды. Бұл күні қазақ шаңырағынан пана тапқан ұлт өкілдері ән айтып, би билеп түрлі көріністер көрсетеді. Айтулы датаны өткізуіміздің басты себебі, этностардың бірлігін жарастырып, ынтымағын арттыру.


«Береке бастауы бірлікте».   Қағиданы берік ұстанған Алматы қаласындағы   205-ші жалпы білім беретін орда бүгінде  түрлі ұлт балаларын бірлікке шақырып, ынтымақта білім беріп отырған ыстық ұялардың бірі. Әр ұлттың балаларын құшағына сидырған мектебіміз салт-дәстүрлеріне, мәдениеті мен әдебиетіне салғырт қарамай,керсінше  жаңғыртуға қамқорлық танытып жүр. Оның айғағы, мереке қарсаңында өткізілген сынып сағаты. Ұстаздарымыз  тәрбие сағатында, елімізде  тұрып жатқан ұлт өкілдерінің бір-біріне деген сый құрметін арттырып, татулықты, бірлікті,ортақ құндылықтарды насихаттады. Мақсаттары:қазақстан халқының бірлігін нығайтып жас ұрпақты достық пен ынтымақта өмір сүруге тәрбиелеу. LED экраннан шынайы достықтың нышанын білдіретін маңызы зор видеолар көрсетілді. Әлемге үлгі болып отырған Қазақстан халықтары Ассамблеясының алғаш 1995 жылы наурыз айында құрылғандығы жөнінде де мәлімет айтылды .