06
мамыр
2024
«Үздік оқырман-2024»
2024 жылдың 6 мамыр күні кітапханада «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Үздік оқырман-2024» номинациясы бойынша оқушылар марапатталды.
Мақсаты: «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру шеңберінде оқушыларға кітап оқудың маңыздылығын насихаттап, оқушыларды оқуға тарту, кітаптың құндылығын ұғындырып, дәстүрлі оқуды сақтау және дамыту, үздік оқырманды анықтау.
Кітапхананың жұмысын, өткізілген көпшілік іс-шараларды талдай отырып, оқушылар арасында жыл бойы кітапханамен байланыста болып, әдеби кітаптар мен ертегілерді көп оқып, кітап оқу арқылы білімдерін артырып жүрген оқырмандар анықталды.
Атап айтатын болсақ талабы таудай білімді де ізденімпаз оқырмандарымыз 2 «Ж» сынып оқушылары Кебирова Еркежан, Баубек Раяна «Үздік оқырман-2024 » номинациясымен марапатталды. Кітап елмен жерді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, төзімділікке баулиды. Кітапханаға жиі келіңіздер, бірге ізденіп, бірге оқиық!