Үздік оқырман
Бүгінгі таңда барлық адамзат алдында тұрған басты мақсат- білімді ұрпақ тәрбиелеу. Ал, ұрпақ білімді қайдан алады? Әрине кітаптан. «Кітапхана – білімнің күн шуағы» десек, балаға кітапхананың есігі әрқашанда ашық. «Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге» деп Абай атамыз айтпақшы, адам баласы үшін кітап – тілсіз тәрбиеші. Кітап адам баласына бала кезінен бастап, өмірінің соңына дейін сырлас бола алады.
Кітапхана білімпаздар мекені, оқушылар кітапханаға келіп, кітап алып оқып, кітаптан керекті тапсырмаларына дайындалады, білімдерін жетілдіреді. Біздің кітапхана оқушылардың сабақтарына дайындалып, әдеби кітаптар оқып демалуына ыңғайлы, заманауи жабдықталған, іші жарық әрі кең. Осыған орай, кітапхананың атқаратын қызметі де үлкен. Оқушылар арасында жыл бойы кітапханамен байланыста болып, әдеби кітаптарды көп оқып, кітап оқу арқылы білімдерін артырып жүрген оқырмандарды анықтаған болатынбыз. Атап айтатын болсақ талабы таудай білімді де қабылетті, ізденімпаз оқырмандарымыз 7 «Ғ» сынып оқушылары Тлеулес Нұрсәт, ейбітұлы Диас, «Үздік оқырман » номинациясымен марапатталды. Кітап барша адамның көз жанары емес пе?
Егер кітап болмаса, сен рухани бай болмас едің. Кітап елмен жерді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, төзімділікке баулиды. Кітапханаға жиі келіңіздер, бірге ізденіп, бірге оқиық!

