06
мамыр
2024
Тәрбие сағат тақырыбы: «7-мамыр Отан қорғаушылар күні!». 1”Ә”сынып Сынып жетекшісі: Кеңесбекова Айдана Берікқызы.
Тәрбие сағат тақырыбы: «7-мамыр Отан қорғаушылар күні!». 1”Ә”сынып Сынып жетекшісі: Кеңесбекова Айдана Берікқызы. Тәрбие сағат мақсаты: Оқушыларға Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу.Жүргізуші: Кеш жарық, ардақты азаматтар, қымбатты әріптестер! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,7 мамыр-Отан қорғаушылар мерекесі де келіп жетті. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны, абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің мәні,көңілдің жыры, әр отбасының алтын қазығы. Ендеше бүгінгі мерекелік кешіміз өздеріңізге арналады. Жүрекке адалдықтың ескен гүлін Ғажайып келешектің төккен үнін Ардақты ағаларға шын көңілден Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін. Армысыздар, ардақты азаматтар, Отбасының тірегі, елді бастар. Құтты болып мереке баршаңызға Бақ-береке әкелсін отбасыға! @akmurzaevakarlygash @alatau_bilim_bolimi
https://www.instagram.com/reel/C6n9N70Luuj/?igsh=bWtrY3BmcDc2MWJz
https://www.instagram.com/reel/C6n9N70Luuj/?igsh=bWtrY3BmcDc2MWJz