Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектепте 7 мамыр - Отан қорғаушылар мерекесіне орай тәрбие сағаттары өтті.
05
мамыр
2023

Мектепте 7 мамыр - Отан қорғаушылар мерекесіне орай тәрбие сағаттары өтті.

7 мамыр - Отан қорғаушылар мерекесі де келіп жетті. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің мәні, көңілдің жыры, әр отбасының алтын қазығы. Осы мақсатта 05.05.2023 жылы №205 жалпы білім беретін мектепте «Ерлік — ұрпаққа мұра», «Біз Отан қорғаушылармыз», «Еркін елдің ұланымыз» атты тәрбие сабақтары, дөңгелек  үстелдер, мерекелік концерттер, спорттық жарыстар, байқаулар өтті. Мектепте бастауыш сыныптар үшін  «7 мамыр - Отан қорғаушылар күні» тақырыбында көрме, тәрбие сағаттары, дөңгелек үстелдер өткізу мерекесіне арналған  ашық тәрбие сағаттары өткізілді.

Мақсаты: Оқушыларға Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу..

Жоспарға сай құрылған   тәрбие сағаттарын 5 «А» ,5 «Ә»,5 «Д»,5 «Е», 6 «А»,6 «Ә» 6 «В»,7 «А»,7 «Ғ» ,8 «А»,8 «Ғ»,9 «А», 9 «Ә», 9 «В»  сыныптары өткізді..

Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін! 

Тәрбие сағаттары ерекше мерекелік форматта өтті.Оқушылар Отан қорғаушылар күніне арнап жыр шумақтарын арнады.Көріністен үзінді көрсетіп,Ескендір Хасанғалиев атамыздың «Атамекен»әні шырқалды.Оқушылар қабырға газеттерін шығарып,Отан қорғаушылар күніне арналған монологтар оқыды.

7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай мектептің ер азаматтарын құттықтау салтанаты өтті. Мектеп өміріне белсене араласқан және оқушылары жеңімпаз болған ұстаздар мен қызметкерлер марапатталды.