Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Оқу мен тәрбие егіз» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы
17
мамыр
2024

"Оқу мен тәрбие егіз» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы

Мектебімізде 17-мамыр күні «Оқу мен тәрбие егіз» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыста 2023-2024 оқу жылының оқу-тәрбие жұмыстары қорытындыланды. Мектеп директоры Г. Даулетова ана-аналарға бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі туралы кішігірім болса да, ой тастарлық бейне презентациялар арқылы ұл баланың және қыз баланың тәртіп, тәрбиесіне көңіл аударуын назарға салды.  Әлемнің екінші ұстазы әл-Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» – деп айтып кеткендей, балалардың баянды болашақтары үшін педагогтар мен ата-аналардың күшін біріктіріп, өнегелі ұрпақ тәрбиелеу мақсаты алға қойылды. Сонымен қатар, оқу жылының аяқталуымен құттықтай отырып, жазғы демалыс уақыттарын тиімді пайдалану үшін "Жазғы лагерь", "Жазғы мектеп", Даму бала орталығының ашылуы балалардың бос уақытын тиімді пайдалану жөнінде айтып өтті. Оқушылардың жазғы демалыс уақытындағы қауіпсіздігіне тоқталды. Мектептегі оқу жұмысының жүргізілуі 2023-2024 қорытынды аттестациясы туралы есепті оқу ісі жөніндегі орынбасары Н.Жұбанова берді.Ата-аналарды толғандырғаны түлектердің қорытынды аттестациясы және оқу жылының аяқталуы сұрақтарына толыққанды жауап берілді."Діни экстремизмнің алдын алу" тақырыбында ата-аналар жиналысында ДТІЖО Ж.Б.Амангельдинова кеңес айтып, жадынама таратты. Көтеріңкі көңіл күй сыйлау үшін ата- аналарға «Томирис» би үйірмесі жаңа туындысын ортаға салды.