«Томирис» жазғы демалыс сауықтыру лагерін ашылуы
Балалар үшін ең қызықты мезгіл – жаз маусымы. 5 маусым күні № 205 жалпы білім беретін мектеп жанынан ашылған «Томирис» жазғы сауықтыру күндізгі лагерінің алғашқы ашылу салтанаты өтті. Лагердің негізгі мақсат міндеттері: балалардың жазғы демалысын қызықты ұйымдастыра отырып, түрлі іс- шараларға қызығушылығын арттыру, ізденіске әсемділікке баулу, үздік жұмыс тәжірибелерді анықтау және насихаттау. Балалар мен жасөспірімдердің жазғы бос уақытын ұйымдастыру саласында педагогикалық инновацияларды қолдану. Кәмелетке толмағандар арасында қараусыздық пен құқық бұзушылықтың алдын алу әдісін жетілдіру (заңға қайшы әрекеттерді) болдырмау жөніндегі жұмыстар атқарылады.
Салтанатты шарада құттықтау сөзін мектеп директоры Г.А.Даулетова жас буын, жеткіншектерге жазғы демалыстарын қуанышты сәттермен толтыруларына тілектестік білдірді. Мерекелік шарада балалардың көңілдері көтеріңкі болып, жүздері қуанышқа толды. Балалар əн салып, би биледі көңілді жазға арнап өлең, тақпақтарын арнап жатты. Балалармен қызықты ойындар ұйымдастырылып, асфальтқа суреттер салды. Жоспар бойынша биылғы жылы лагерьде 250 бала демалуы тиіс.
І ауысым маусымның 5-нен 16-на дейін «Томирис» жазғы сауықтыру алаңында өтеді. Лагерьдің жұмыс уақыты 9:00-ден 15:00-ге дейін. 5 маусым күні «Бақытты балалық шақ» тақырыбында іс- шаралар ұйымдастырылып, «Томирис» лагерінің ашылуына арналған салтанатты сап жиыны өткізіліп, «Халықаралық Балаларды қорғау күні» мен Қазақстан Республикасының рәміздер күні мерекесіне ұйымдастырылып, өткізілді. «Томирис» жазғы сауықтыру лагері өз қызметіне мына бағыттағы жұмыс атқарады:
- Патриоттық тәрбие бағыты
-Эстетикалық тәрбие;
- Адамгершілік
-Салауатты өмір салтына баулу;
-Экологиялық
- Қауіпсіздік шаралары туралы бағыттар қамтылады
Лагерьге келген балаларға бір мезгіл ыстық ұйымдастырылған. Балалармен жұмыс жасайтын мектеп психологы Улданай Турақызы, мектеп медбикесі Т. Таубазарова музыка пәні мұғалімі Б. Сабраев, аға тәлімгерлер Жанат Назерке мен Қожанова Жанар дене шынықтыру мұғалімдері балалардың әр күндерін қызықты өтуіне түрлі ойындар ойнатып, тапсырмалар беріп, ән салдырып, би билетіп көңілдерін көтеруде. Шаттыққа толы болған күн, әрбір баланың қуанышты көңіл-күйде жүруіне септігін тигізді. Балалардың бақыты - ізгі қоғам қалыптастырудағы негізгі қадамдардың бірі болып табылады.





