25
мамыр
2024
«Мектебім, саған мың алғыс!» атты 11 сынып түлектеріне соңғы қоңырау
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің № 05-05-4/3260 И 15.05.2024ж оқу жылын қорытындылау бұйрығына сәйкес, биыл мектептердегі оқу мерзімі 25 мамырда аяқталды. Мектеп бітіруші түлектер үшін «Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбындағы мектеп бітірушілер іс-шарасы 25 мамырда сағат 9.30 –да басталды.
Салтанатты іс-шараның мақсаты: Жастардың бойында жоғары әлеуметтік белсенділікті дамытуға жәрдемдесу, патриотизмге тәрбиелеу, белсенді өмірлік ұстаным мен бәсекеге қабілеттілік дағдыларын қалыптастыру, Қазақстан Республикасының лайықты азаматтары болуға ұмтылу.
Іс-шараны өткізу мектеп директоры бұйрығымен және ата-аналар комитетінің келісімімен өткізілді.
Мектеп бітірушілер іс-шарасы бітіруші 11 а,ә,б сынып жетекшілері, мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары ұйымдастырды. Мектеп бітірушілер іс-шарасының құрметті қонақтары ретінде ата-аналар мен қамқоршылық кеңес мүшелері, ардагер ұстаздар шақыртылды.
Мектеп алаңы жалаушалармен, плакаттармен, гүлдермен безендірілді. Сондай-ақ «Мектебім, саған мың алғыс!» атты салтанатты жиын өткізуге арналған арнайы сценарий құрылып, мереке осы сценарий арқылы жалғасын тапты. Салтанатты жиынды жүргізушілер екі тілде ашты. Алғашқы құттықтау сөзді мектебіміздің директоры Г.А. Даулетоваға берілді. Мектеп директоры мектептің алғашқы 66 түлектерге жылы лебізін білдіре келе өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін мұғалімдерді марапаттап, сый құрметтерін білдірді. Бала тәрбиесіне, мектеп өміріне белсене қатысқан үштік одақ ата-аналарға алғыс хатын табыстады. Оқу жылының аяқталуы туралы бұйрықты директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Н.Ж.Жубанова оқыды. Сонымен қоса бүгінгі салтанатты іс-шарамыздың қадірлі қонақтары: Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, жазушы Ханнұр Тәлімұлы және мектебіміздің қамқоршылық кеңесінің мүшесі Абилова Зульфат түлектерге өз жылы лебіздерін білдірді. Сөз сөйлеген ата-аналар барлық оқушыларды мерекемен құттықтап, түлектерге ақ жол тіледі. Салтанатты жиында 11-шы қазақ- орыс сынып оқушылары алтын ұя мектебімен қоштасу сәттегі жүрекжарды ақ тілектерін, әнмен, өлеңмен, қоштасу вальсімен жеткізді. Қоңырау соғу рәсімі мектебіміздің үздік оқушысы 11 А сынып түлегі «Алтын белгі» үміткері – Қалижан Алуа Серікқызы және 1 Д сыныбының үздік оқушысы Хаяури Байсангурға және де 11 Ә сынып түлегі Алтын белгі иегері Республикалық, облыстық пән олимпиадалар жеңімпазы Бабахан Томирис пен 1 Е сыныбының үздік оқушысы Құрманғазы Амирге және 11 Б сыныбының түлегі Ислам Ратмир мен 1Г сыныбының үздік оқушысы Қанат Аяжанға табысталды. 1 сыныптан 11 сыныпқа дейінгі оқушылардың фотоларынан слайдшоу әзірлеп, көрсетілді және де бір-біріне арнау жасап, тілек айтып, ұстаздар мен білім ұясына алғыс айту әнін орындап, өлең шумақтарын жолдады.
11- шы сынып түлектеріне арналған «Мектебім, саған мың алғыс!» атты салтанатты жиыны жоспарланған іс-шаралар
бойынша толығымен өз дәрежесінде атқарылды.