Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты салтанатты жиынның өтілуі туралы мәлімет
01
маусым
2023

«Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты салтанатты жиынның өтілуі туралы мәлімет


Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығына сәйкес, биыл мектептердегі оқу мерзімі 31 мамырда аяқталды. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023 жылғы 10 сәуірдегі №88 «2022-2023 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін бекіту туралы» бұйрығын негізге ала отырып 2022-2023 оқу жылының аяқталу мерекесі 1 -маусым Халықаралық балаларды қорғау күнімен тұспа тұс өткізілді. Мектептің 9 сынып түлектері үшін салтанатты жиын мектеп ауласында  таңғы сағат 9:00 де өткізілді. 2022 жылдың қыркүйек айында жаңадан бой көтеріп, есігін айқара ашқан білім ошағы тарихында, алғашқы түлеп ұшқалы тұрған осы 9 -шы сынып негізгі мектеп бітіруші түлектер болды. Олар: 9а- сыныбы сынып жетекшісі ағылшын тілі пәні мұғалімі Жакипова Гүлназ Андиебергеновна, 9 Ә сыныбы сынып жетекшісі физика пәні ұстазы Молдакулова Жұпархан Тұрсыновна, 9б- сыныбы химия пәні мұғалімі, директордың тәрбие орынбасары Амангельдинова Жанат Бакиджановна және 9 В сыныбы география пәні мұғалімі Амангельдиева Тогжан  Сунгатқызы. Аталған сыныптар мерекенің көркі болды.

Мектеп алаңы шарлармен, жалаушалармен, плакаттармен, гүлдермен безендірілді.  Сондай-ақ «Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты салтанатты жиын өткізуге арналған арнайы сценарий құрылып, мереке осы сценарий арқылы жалғасын тапты. Салтанатты жиынды жүргізушілер екі тілде ашты. Алғашқы құттықтау сөзді мектебіміздің директоры Г.А. Даулетоваға берілді. Мектеп директоры түлектерге жылы лебізін білдіре келе өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін мұғалімдерді марапаттап, сый құрметтерін білдірді. Бала тәрбиесіне, мектеп өміріне белсене қатысқан үштік одақ ата-аналарға алғыс хатын табыстады. Сонымен қатар, Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры М. Бектембаев ұстаздарды кітапхана ұжымымен бірлесе атқарған мәдени іс- шараларға белсене қатысқандығы үшін алғыс хаттарымен марапаттап өтті.  Оқу жылының аяқталуы туралы бұйрықты директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Н.Ж.Жубанова оқыды.  Сөз сөйлеген ата -аналар барлық оқушыларды мерекемен құттықтап, түлектерге ақ жол тіледі. Салтанатты жиында  9 -шы қазақ- орыс сынып оқушылары алтын ұя мектебімен қоштасу сәттегі жүрекжарды ақ тілектерін, әнмен, өлеңмен, қоштасу вальсімен жеткізді. Қоңырау соғу рәсімі мектебіміздің үздік оқушысы 9 ә сынып оқушысы Кубеева Сымбатпен  1 Е сынып оқушысы Червонный Кириллға беріледі. 

9- шы сынып түлектеріне арналған «Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты салтанатты жиыны жоспарланған іс-шаралар бойынша толығымен өз дәрежесінде атқарылды.