10
мамыр
2024
«Еуразия технологиялық колледжінде » өткен, ашық есік күніне барып қайтты.
№205 ЖББ мектептің 9 сынып оқушылары 2024 жылы 10 мамыр күні Алматы қаласы Толе би 109 көшесінде орналасқан «Еуразия технологиялық колледжінде » өткен, ашық есік күніне барып қайтты. Колледж басшылығының ұйымдастырумен танысу жұмыстары жүргізілді. Оқушылар әртүрлі маман иесімен танысып, сұрақтар қойды. Оқушыларға колледж ішінде жүргізілген саяхат қызықты болды.



