25
қыркүйек
2024
«Әбілхан Қастеев – бейнелеу өнерінің шебері»
«Әбілхан Қастеев – бейнелеу өнерінің шебері»
2024 жылдың 25 күні мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында сурет әлемінің майталманы Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл толуына орай 8,9 - сынып оқушыларына «Әбілхан Қастеев – бейнелеу өнерінің шебері» тақырыбында танымдық сабақ өткізді.
Мақсаты: Оқушылар өздері оқып танысқан бейнелеу өнеріндегі қылқалам шебері, белгілі суретші жайында деректер бере отырып танымдық көзқарастарын қалыптастыру, шығармашылыққа шыңдау. Оқушыларды Ә.Қастеевтің сурет, портреттерін, бейнелеу өнері жайында айта отырып өнерді, елін сүюге тәрбиелеу.
Әбілхан Қастеев суретші ретінде өзіндік дара қолтаңбасымен ғана ерекшеленіп қоймайды, сонымен бірге, ол — туған жері мен өскен елін перзенттік махаббатпен жырлай алған біртуар суреткер