"Өскелең ұрпақ арасындағы қауіпсіздік мәдениеті" сынып сағаттары
Мектебімізде 30.09 2024 ж күні "Өскелең ұрпаққа төтенше жағдайларда ден қою қабілеттерін, сондай-ақ дағдарыс жағдайында өзін-өзі құтқарудың және өзара көмек көрсетудің негізгі тәсілдері мен амалдарын насихаттауды ұйымдастыру мақсатында "Өскелең ұрпақ арасындағы қауіпсіздік мәдениеті" ұранынмен онлайн форматта 7-8 сыныптар үшін тәрбие сағаттары өтті. Оқушыларға жер сілкінісі туралы мағлұмат беру, табиғи апаттан қорғану шаралары туралы айту, сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету жолдары түсіндірілді. Бейне роликтер арқылы 10 қадам қауіпсіздік айтылды. Балалар үшін жасаған ең маңызды қорытынды: әрбір секунд маңызды, сондықтан өмір қауіпсіздігі ережелерін білу төтенше жағдайда шешуші рөл атқара алады.
#біртұтас_тәрбие #чс#көмек_алматы#тж#көмек_алматы

