Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “АЛТЫН САҚА” МЕКТЕПІШІЛІК ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ.
03
қазан
2024

“АЛТЫН САҚА” МЕКТЕПІШІЛІК ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ.

“АЛТЫН САҚА” МЕКТЕПІШІЛІК ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ.

№205 жалпы білім беретін мектебінде 2024 жылдың 3 қазан күні “Зерделі” ақыл-ой дамыту орталығының ұйымдастыруымен “Алтын сақа” математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі 3-4 сыныптар арасында өтті. Математика пәні бойынша өткен олимпиада белгіленген уақытында басталып, оқушылар белсенділік танытып, тапсырмаларды дер кезінде орындай алды. Ұйымдастырушылар алдын ала кабинеттерді дайындап, қолайлы орта қалыптастырып, тыныштық орнатып, тапсырмаларды орындауларына толықтай мүмкіндік жасады. Нәтижесінде байқау сәтті өтіп, оқу ісі жөніндегі орынбасары мен бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі, пән мұғалімдері өздеріне артылған міндеттерді толықтай орындап шықты. Тиісті қорытындылар шығарылып, жоғары балл алған оқушылар келесі кезеңге жолдама алып, бақтарын сынайтын болады.