04
қараша
2024
"Біртұтас тәрбие жоспары", "Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы сабағы"
№205 жалпы білім беретін мектебімізде 2024 жылдың 1 қараша күні №3 педагогикалық кеңесі өтті.
Педагогикалық кеңесте көтерілген мәселенің бірі "Біртұтас тәрбие жоспары" мен "Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы сабағының" жүргізілу барысы талқыланды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Жетенова мектеп ұжымына 2024-2025оқу жылының «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының өзгерістерімен, мазмұнын таныстырды. Бұл бағдарлама ұлттық және адамгершілік құндылықтарға негізделген, жастардың азаматтық жауапкершілігін, патриотизмін, адалдығын және рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға бағытталған жоспар барысының іске асуы, өтілген шаралар жайлы мағлұмат берді. 2024-2025 оқу жылының тәрбие жоспары 6 негізгі құндылықты қамтиды:
- Тәуелсіздік және отаншылдық
- Бірлік және ынтымақ
- Әділдік және жауапкершілік
- Заң және тәртіп
- Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік
- Жасампаздық және Жаңашылдық
Мектеп жанынан құрылған ата- аналарды педагогикалық қолдау орталығының мақсат, міндеттерімен таныстырып, алдағы өтетін сабақтарды талқылады.

