Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы «Отбасы-бақыт бесігі» тақырыбында
11
қараша
2024

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы «Отбасы-бақыт бесігі» тақырыбында

Балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналардың жауапкершілігін арттыру, қолдау мақсатында 4 «Ә» сыныбының ата-аналарымен «Отбасы- бақыт бесігі» тақырыбында тәрбие сабағы өткізілді. Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының мақсаты: балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту. Жиналыс балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, психологиялық және әлеуметтік құзыреттерін дамытуда ата-аналарға жүйелі педагогикалық қолдауды ұйымдастыру керек екіндігін, балаларды тәрбиелеу мен дамытуда орта білім беру ұйымы мен отбасы арасындағы өзара іс-қимылды нығайту және балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мақсатына негізделді. Ата-аналармен бала тәрбиесіндегі ата- ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру мақсатында сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Сұраққа ата-аналар еркін әрі нақты жауаптарын бере алды. Келесі ата-аналарға  «Балаңызға деген сүйіспеншілік» ойыны өткізіледі. Баланың жан дүниесі – бұл толып тұрған ыдыс сияқты. Өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыз? Қандай  қабілеттері болғанын  және сіз өзіңізден қандай қасиетті алғанын қалайсыз? Қорыта айтқанда ата ананың махаббаты, сүйіспеншілігі бала үшін бақыт, осы сезімдері арқылы баланың өз орнын таба білуге үйрете алатындығы түсіндірілді.