Халықаралық толеранттылық күні тәрбие сағаты 8,9,10,11
11.11.2024 жыл күні № 205 жалпы білім беретін мектепте 8,9,10,11 сыныптар үшін «Халықаралық толеранттылық күні» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатының мақсаты: Толеранттылық ұғымын түсіндіру: Оқушыларға толеранттылықтың мәнін, оның маңыздылығын және қоғамдағы рөлін түсіндіру. Құрмет көрсету және өзара түсіністік: Әртүрлі мәдениеттерге, діндерге, тілдерге, көзқарастарға құрмет көрсету, адамдар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту. Бірлік пен ынтымақтастыққа тәрбиелеу: Әртүрлі әлеуметтік топтар арасында бірлік пен ынтымақтастықты дамытуға баулу.Конфликттерді шешу қабілетін қалыптастыру: Конфликттердің алдын алу, оларға сабырлықпен, әділдікпен қарап шешуді үйрету.Әртүрлілікті бағалауға үйрету: Оқушыларға қоғамның әртүрлілігі мен оны түсініп, қабылдау маңызды екенін үйрету.
Тәрбие сағаты барысында оқушыларды топтарға бөліп, әр топқа нақты өмірде кездесетін жағдайды ойнау тапсырмасы берілді. Мысалы, басқа мәдениетті немесе дінді өкілдермен қарым-қатынас, түсініспеушіліктерді шешу. Әр топ өз қойылымын көрсетіп, оған сынып болып баға беріп, пікір білдірді.

