Ертегілер еліне саяхат



2024 жылдың 14 қараша күні мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Ертегілер еліне саяхат» тақырыбында бастауыш сынып оқушыларымен үзіліс кезінде бір мезетте ертегілер оқу ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқушылардың халық ауыз әдебиеті, оның ішінде ертегілер туралы білімдерін тереңдету; ертегілерді сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын жеткізе білуге, сөз мәнерін, қимыл - қозға келтіріп ойнауға үйрету.
Көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыра түсу.
Оқушылардың бойындағы шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Ұқыптылыққа, жауапкершілікке, жақсыдан үйреніп, жаманнан жирене білуге тәрбиелеу.