Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Көркем шығарманы оқытудың тиімді жолдары
20
қараша
2024

Көркем шығарманы оқытудың тиімді жолдары

2024 жылдың 20 қараша   күні мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында жоғарғы сынып оқушыларының әдеби-классик жазушылардың шығармаларын оқуға қызығушылығын арттыруда «Көркем шығарманы оқытудың тиімді жолдары» тақырыбында кітап оқу ұйымдастырылды.                                                                                                             

      Оқушыларды кітап оқуға, оның ішінде көркем әдеби шығармалар оқуға шақыру. Кітап оқуды насихаттау және  жас ұрпақтың бойына ұлтжандылық қасиеттерін сіңіру және патриоттық тәрбие беру. Кітап оқуға басшылық жасау. Жас ұрпаққа әлем және қазақ халықтарының озық көркем шығармаларын насихаттау, каникул уақытында бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру. Жерлес ақын-жазушылардың шығармаларын насихаттау. Оқырмандарды кітап оқуға қызығушылығын арттыру, кітап оқуды насихаттау.

«Көркем шығарма — әдебиеттің құндылығы. Көркем шығарманы оқыту – оқушының сөз қадірін түсінерлік ойлау әрекетін дамыту, рухани дүниесін байыту, эстетикалық талғамын жетілдіру, адамгершілік қасиетін қалыптастыру.» — деген болатын әдебиет зерттеуші – ғалым, белгілі жазушы, ұлағатты ұстаз Қажым Жұмалиев.