06
мамыр
2025
Отбасы – тәрбие бастауы
2025 жылдың 6 мамыр күні кітапханада Халықаралық отбасы күніне орай «Отбасы – тәрбие бастауы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды. Сонымен қатар оқушыларға LED экраннан танымдық сабақтар көрсетілді.
Мақсаты: Оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу.
Отбасы – адамзаттың алтын ұясы. Отбасының негiзгi қызметі баланы өмiрге келтiру ғана емес, оның бойына көне заманнан келе жатқан ұлттық тәрбиенің тағылымдары мен аға ұрпақтың тәжiрибесiн сiңiру, қоғамға пайдалы жеке тұлға етiп тәрбиелеу болып табылады. 



