Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 9-10 сынып «NarcoSTOP» жобасының өкілімен кездесу
26
қыркүйек
2025

9-10 сынып «NarcoSTOP» жобасының өкілімен кездесу

9-10 сынып «NarcoSTOP» жобасының өкілімен кездесу

Бүгін 28.09.2025ж. Ақпараттық ресурстық ортал6қ қоғамдық қоры Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен мектебімізде 9-10 сынып оқушыларымен жастар арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша  «NarcoSTOP» жобасының өкілі  аддиктолог Е.Б. Тажибаев  дәріс өткізді. 
  Мақсаты:денсаулықты сақтау дағдысын қалыптастыру және жасөспірімнің өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттыру. Бірінші кезеңінде салауатты өмір салты насихатталған оқушыларға есірткі, психотропты заттар, сонымен қатар алкогольді сусындарды тұтыну және оның адам ағзасына қаншалықты зиян екенін айтып түсіндірді.
 Кездесуде  жастардың нашақорлыққа салынуының басты себептерін түсіндіре отырып, адам өміріне тигізер әсері мен нашақорлықтың алдын алу жайлы бейне-баяндар көрсетті. Сонымен қатар, студенттерге «ең қымбат нәрсе ол - сенің өмірің. Сенің өмірің - өз қолыңда» деп түсіндіріп, алдын алу жұмыстарына қатысты ақпараттық брошюралар таратып берді. Оқушылармен кері байланыс орнатып, сұрақтарына жауап берілді.