16
қыркүйек
2025
Кітапханаға саяхат
«Кітапханаға саяхат» тақырыбында 1 сынып оқушылары кітапханаға саяхат жасады. Кітапханашы оқушыларға кітапхана ішімен, қызықты ертегі кітаптармен таныстырды.
Мақсаты: 1 сынып оқушыларын кітапхана өмірімен таныстыру. Білімнің кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру. Кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, оны күтіп ұстауға үйрету. 1 сынып оқушылары кітапханаға саяхат жасап, оқырманымыз ретінде қабылданды. Бүлдіршіндер кітапхана ережесімен, кітапты күтіп ұстаудың жолдарымен таныс болды. Өздерінің сүйікті кейіпкерлері жайлы қызықты кітаптар мен балаларға арналған журналдар топтамаларын қызыға тамашалады.
