Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
қараша
2025

Ата аналар жиналысы

Тақырыбы: «Балалардың қауіпсіздігі» тақырыбындағы ата-аналар жиналысы
Өткізу форматы: онлайн (Zoom)

Өткізілудің мақсаты

Оқушылардың үйде, мектепте, көшеде және интернетте қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ата-аналарды төтенше жағдайлар кезіндегі дұрыс әрекет ету тәртібімен таныстыру, отбасындағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.

Жиналыс барысы

Жиналыс Zoom платформасы арқылы өткізілді. Сынып жетекшісі ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне қатысты негізгі бағыттармен таныстырды:

  1. Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелері
    – үйде және мектепте әрекет ету
    – «дабыл чемоданы» құрамымен таныстыру

  2. Өрт қауіпсіздігі ережелері
    – тұрмыстық құралдарды қолдану ережелері
    – эвакуация тәртібі

  3. Көшедегі қауіпсіздік
    – жол қозғалысы ережелері
    – бейтаныс адамдармен сөйлесу кезіндегі сақтық шаралары

  4. Интернет қауіпсіздігі
    – онлайн оқыту кезіндегі тәртіп
    – интернеттегі қауіпті контенттен қорғау
    – ата-аналық бақылау құралдары

  5. Төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдар
    – алғашқы медициналық көмек
    – қауіпсіз аймаққа шығу

Жиналыс соңында ата-аналар сұрақтар қойып, ұсыныстар білдірді.

Қорытынды

Жиналыс ата-аналарға балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша маңызды ақпарат берді. Тұрмыста, мектепте және интернет кеңістігінде қауіпсіздік талаптарын сақтау – ата-ана мен мектеп арасындағы өзара бірлескен міндет екені атап өтілді.