28
қараша
2025
🌿 Даналық мектебі: апа-әжелермен кездесу
Бүгін мектебімізде «Даналық мектебі» аясында апа-әжелермен жылы жүздесуі өтті.
Ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, үлкендердің өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңесін балаларға жеткізу – кездесудің басты мақсаты болды.
Оқушылар апа-әжелерге өз өнерлерін көрсетіп, ал ақсақалдар мен әжелер өмірден түйген тағылымды әңгімелерімен бөлісті.
Мейірімге, құрметке, ізгілікке толы керемет шара болды. 🤍
✨ Мақсаты:
Ұлттық тәрбие негізінде үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету дәстүрін жалғастыру, оқушыларға отбасылық құндылықтардың маңызын түсіндіру.
