02
желтоқсан
2022
Әжелер мектебі. Ұрпақ тәрбиесі.
Әже өнегесі ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы құндылық, тәрбиенің қайнар көзі. Әже алдын көріп, тәлімін алғандардан қазақтың сүт бетіндегі қаймағындай болып, тарихта есімі қалған ұлылар қатары көп-ақ. Ал отбасындағы басты құндылық ұлттық тәрбие деуге болады. Сол ұлттық тәрбиенің дәнін себуші жандардың бірі – әжелер екені даусыз. Тұла бойы тұңғышын атасы мен әжесінің тәрбиесіне беріп, «атасы мен әжесінің баласы» деп есептеп, солардың бауырына басатын ұлт қазақ қана.
Бала тәрбиесіндегі қазақтың бір озық үлгісі – әже мектебі. Бала-болашақ үрімді бойжеткен, аяулы ана, асыл әже демекші, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Гүлжанат Жылқайдар мен Тұрысбекова Шәмшат жетекшілігімен әже клубы мен ана клубы бірлесіп бүгінгі таңда мектібіміз оқушыларының бойына барынша отбасы құндылықтарын, ата баба салтын сақтауды және мұра ету мақсатында аналар мен әжелер кездесу өткізді. Жиын барысында асыл әжелеріміз қыз баланың өмірдегі рөлі туралы ақыл өсиеттерімен бөлісті. Әже тәрбиесі арқылы бала жақсы мен жаманды ажыратып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді үйренеді. Әдетте әже тәрбиесін алған баланы жұрт «тәрбиелі бала», «көргенді бала» деп баға беріп жатады. Өйткені әженің мейірімі мен шапағатына бөлене отырып бала мінез-құлық, тіл, діл, жалпы рухани тәрбие алады, сонымен қатар елгезек, үй шаруасына бейім, мейірімді, адал болып өседі.