Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тікұшақ пен ұшақтың айырмашылығы қандай?✈️🚁
12
желтоқсан
2025

Тікұшақ пен ұшақтың айырмашылығы қандай?✈️🚁



🔹Жоба тақырыбы: Тікұшақ пен ұшақтың айырмашылығы қандай?✈️🚁
🔹Сынып: 1 «Ә» 
🔹Жоба жетекшісі: Сейдуалы Маржан Әлібекқызы
———
🔹Жобаның мақсаты:
– Денелердің қозғалыс траекториясын түсіндіру және зерттеу;
– Тікұшақ пен ұшақтың қозғалыс ерекшеліктерін салыстыру;
– Қарапайым тәжірибелер арқылы оқушылардың ғылыми ойлауын дамыту;
———
🔹Жобаның сипаттамасы:
Бұл жобада оқушылар тікұшақ пен ұшақтың кеңістікте қалай қозғалатынын зерттейді. •Теориялық бөлімде қозғалыс траекториясының не екенін, тікұшақ пен ұшақтың әуеде қандай күштердің әсерінен қозғалатынын біледі.
•Практикалық бөлімде қағаздан «құйынды құс» (қағаз тікұшақ) және ұшақ жасалып, олардың құлау жылдамдығы мен траекториясының айырмашылығы бақыланады.
Оқушылар ұшақ пен тікұшақ қозғалысының ерекшеліктерін өз бақылауларына сүйеніп түсіндіреді.✈️🛫🚁
———
🔹Қорытынды: 
Жоба барысында оқушылар қозғалыс траекториясын тәжірибе арқылы меңгерді. Тікұшақ пен ұшақтың қозғалысындағы айырмашылықтарды бақылап, салмақтың құлау жылдамдығына әсерін анықтады. Жоба оқушылардың ғылыми ойлау, бақылау, салыстыру және қорытынды жасау дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.✈️🚁🎓✨