14
қаңтар
2026
Даланың дара ұстазы
2026 жылдың 14 қаңтар күні кітапханада Ұлы ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына орай «Даланың дара ұстазы» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тугелова Жанар Отановна 5 сынып оқушыларына танымдық сағат өткізді.
Мақсаты: Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығына оқушылардың қызығушылығын ояту, Отанға деген құрмет пен махаббат сезімдерін бекіту, мемлекеттік тілде сөйлеуге ұмтылысын дамыту.
Адамгершілік қасиеттерге бағыттай отырып, оқушының рухани білімін байыту, логикалық ойын дамыту, ойын еркін, дәлелді түрде жеткізе білуге жетелеу.



