Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тіл – достықтың алтын көпірі» атты поэзия сағаты
06
қараша
2025

«Тіл – достықтың алтын көпірі» атты поэзия сағаты


«Тіл – достықтың алтын көпірі» атты поэзия сағаты мазмұнды әрі әсерлі өтті. Іс-шара барысында өзге ұлт өкілдері ана тіліміздің құдіретін жырға қосып, қазақ ақындарының тіл туралы терең мағыналы өлеңдерін №205 ЖББ мектеп оқушылары мәнерлеп оқыды.

Поэзия сағатының негізгі мақсаты – мемлекеттік тілімізге деген құрметті арттыру, жастардың поэзияға және рухани құндылықтарға деген қызығушылығын ояту, тілдің қоғамдағы рөлін насихаттау болды.

Іс-шара барысында тіл жанашырлары мен ұстаздар өз ой-пікірлерін ортаға салып, тіл тағдыры мен дамуы туралы маңызды мәселелерді талқылады. Поэзия сағаты соңында белсенді қатысушылар марапатталып, қатысушылар мен көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.

Іс-шараның негізгі мәні – тілдің халықтың жаны мен рухы екеніне назар аудару және оны құрметтеудің әрбір азаматтың парызы екенін жастарға түсіндіру болды.