KitapFest 2025
2025 жылдың 20–21 қыркүйек күндері Алматының Арбаты кітап, шығармашылық және қарым-қатынас алаңына айналды. Екі күндік шараға 60 000-нан астам қонақ, мыңдаған кітаптар, авторлармен кездесулер, жарқын фотозоналар, квесттер және әдеби кейіпкерлердің театрландырылған бейнероликтері ұсынылды. Фестиваль қала тұрғындарына шынайы әдеби демалыс сыйлады. Бұл вестивальға №205 мектеп оқушылары ата – аналарымен барды.
Фестиваль барлық жас оқырмандарды біріктіріп, онда оннан астам шығармашылық кездесулер өткізілді және балаларға ойындар, кейіпкерлермен танысу және сыйлықтардан тұратын бай бағдарлама ұсынылды.
KitapFest 2025 шарасы көрсеткендей, кітап оқу заманауи, қызықты және шабыт беретін іс болып табылады. Барлық қатысушыларға алғыс білдіріліп, келесі кездесуді 2026 жылы өткізу жоспарлануда.
